Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда неше үйі бар екенін айтты

Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда неше үйі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дағдарыс орталығында тұрып жатқан Карина Мамаш күйеуімен ажырасуға өтініш бергенін айтты.

"Біздің ортақ мүлкіміз бар. Бір үш бөлмелі үйіміз бар. Ол пәтерге оралсаңдар, мен саған кілтті беремін, мен саған жоламаймын, балалар үйде тұрсын деп жазды. Бірақ мен ол үйге оралсам, оның бір күні кіріп келмейтініне кепіл жоқ. Егер ол балаларының өз үйлерінде тұрғанын қаласа, ол үйді солардың атына жазып берер еді. Одан басқа тағы екі пәтер бар. Бірақ олар оның туыстарының атына жазылған. Олар да - біз некеде болған кезде сатып алынған пәтерлер. Мен келе сала ажырасуға өтініш бердім, бірақ бізді әлі ажырастырған жоқ", - деді Карина Мамаш.

Еске салайық, бұған дейін #НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған болатын. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Әйелдің сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесінде де ұрып-соққан.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!