"Димаш Құдайберген үйленді". Желіде әншінің видеосы қызу талқыланып жатыр

Желіде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің "үйлену тойында" түсірілген видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok әлеуметтік желісінде өнер иесінің қалыңдық қолына сақина тағып, маңдайын сүйіп жатқан видеосы тарады.

Кәсіпкер Айгүл Әміржанова Димаштың танымал брендтің сақина салынған көгілдір қорапшасын ұстап, қызға сөз салып жатқан видеосын жариялады. Өнер иесі жарнамалық роликке түсіп, әйгілі зергерлік брендтің елшісі болғаны белгілі болды.

"Димаш жаңа жоба үшін Tiffany&Co компаниясын таңдады. Біз үшін бұл - жақында болатын үлкен нәрсенің кішкентай бөлігі болу мүмкіндігі", - деп жазған Айгүл Әміржанов.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, бақыт тілеп жатыр. 

"Клипке түсіп жатқан шығар. Димаш үйленсе жаңалықтан бірінші айтады", "Құсың құтты болсын, бақытты болыңдар", "Бақыттарың жансын!", "Біз тойдан қалып қойдық па?" "Мұндай жарнама керек емес. Әжесі көріп ауырып қалмасын, ең болмаған жақсы көйлек кейсе қайтеді", "Димаш үйленсе бүкіл әлем аңдып отыр ғой, бәрі шулайды", - деп жазған. 

@dimash.dq How do you feel if this a real? #димаш #казахстан #foryou #dimash #wedding #foryoupage ♬ suara asli - Dimash.DQ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!