"Тырнағымен мойныма жармасты". Актер Әбілмансұр Серіков басынан өткен қызық жайт туралы айтты

"Тырнағымен мойныма жармасты". Актер Әбілмансұр Серіков басынан өткен қызық жайт туралы айтты
Фото: instagram.com/serikovmansur

Қазақстандық танымал актер Әбілмансұр Серіков көрермендердің бірі оны кинодағы рөлі үшін жағадан алғану туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көшеде танып жататыны рас. Танымалдылық әкелген түрлі рөлім бар. Үлкен буын көбіне "Дос-Мұқасандағы" кейіпкерім арқылы таниды. Осы рөліме қатысты қызықты оқиға болды.

Мейрамхана алдында әңгімелесіп тұрсақ, бір апа келіп тырнағымен мойныма жармасады ғой. Шошып кеттім. "Тәте не болып қалды?" деп сұрадым. Ол кісі маған "Неге оларға тиісе бересің?" демесі бар ма?! Сөйтсем "Дос-Мұқасан" фильмі туралы айтып тұр екен. Солай рөлім үшін жағадан алды. Ертесіне түсірілімге келсем, мойным қанталап кетіпті. Жастар қауымы "5:32", "Ауыл мұғалімі" атты жобалар арқылы таниды", - деді актер Жанерке Сейфуллинаға берген сұхбатында

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина