"Миллион" командасының мүшесі әкесіне қымбат көлік сыйлады

"Миллион" командасының мүшесі әкесіне қымбат көлік сыйлады
Фото: коллаж

"Миллион" командасының мүшесі Ерболат Заркумов әкесіне қымбат көлік сыйлады., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Мінекей, ұлдарыңыз ер жетіп, елдің сүйіктісіне айналды. "Миллион" командасы болып талай жұмыс істеп жатырмыз, талай арман-мақсаттарға жетіп жатырмыз. Әлі де жетеміз деген үміттеміз. Ендігі сәт менде, асқар тау әкеме Lexus 570 автокөлігі", - дейді Ерболат Заркумов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erbolat Zarkumov🇰🇿 (@erbolat.million)

"Жарайсың, ұл болса сендей-ақ болсын"

"Сен өте жүрегі ашық, ақылды жігітсің, мейірімді жүзің мен ақ көңілің байқалып тұр!"

"Өте керемет, баршамызға жұғысты болсын, батыр әкеден батыр жігіт туады деген осы"

"Ерледің, Ереке, алдыңда ата-анаң аман болсын бауырым", - дейді әзілкештің оқырмандары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина