"Не істеу керегін білмедім". Фариза Төреәлі тұрмысқа шыққанға дейінгі өмірі туралы айтты

"Не істеу керегін білмедім". Фариза Төреәлі тұрмысқа шыққанға дейінгі өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/farizatoreali

Блогер Фариза Төреәлі тұрмысқа шыққанға дейінгі өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, тұрмысқа шыққанға дейін оның сүйікті жұмысы, қаржы еркіндігі, саяхат, жүрек тыныштығы, бағалық сыйлықтар болмаған.

"Қазіргі өмірім - амалдар мен еңбектің нәтижесі. Басқа қыздар секілді менде де арман болды. Қымбат көлік, өз баспанамыз, бір-бірімізді түсінетін деңгейге жетсек деп армандадым. Тіпті, 18 жасында тұрмыс құрғанымда қарым-қатынастың мұншалықты оңай болмайтынын білмедім.

Мида сан түрлі сұрақ, неге түсінісу қиын, неге жоқ жерден ұрыс пайда болады, нақты не істеу керегін білмедім. Не өзімді, не жолдасымды толыққанды ұғына алмайтын едім. Адамнан әрекет керек екенін кейін түсіндім. Ешкім саған бақытты болудың жолын үйретпейді", – деп жазды блогер. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина