Жазда қандай косметика қолдануға болмайды?

Жазда қандай косметика қолдануға болмайды?
Фото: pixabay.com

Кей косметикалық өнімдер бетке безеу немесе қара нүктелер шығаруы мүмкін. Косметолог Екатерина Анчикова жазда қолдануға болмайтын косметикаларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru"-ге сілтеме жасап.

Ыстықта біз өзімізді жайсыз сезінеміз: жылдам терлеп кетеміз, денеміз күнге қызады, сондай-ақ көшелерде шаң көбейеді. Мұның барлығы күнделікті макияжға әсер етеді. Оған қоса, кей косметикалық өнімдер теріңізді құртып жіберуі де мүмкін.

Қоректендіретін кремдер. Олар тері бетінде қосымша қабыршақ түзеді де, тері майының сыртқа шығуын бұғаттайды. Нәтижесінде, жасушаларға оттек нашар келеді, бұл беткі капиллярлық тамырлардың кеңеюіне және купероз бен тамырлы тордың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, майлы кремдер бетті жылтыр етуі және безеулердің шығуына ықпал етуі мүмкін.

Құрамында майлары бар кез келген құрал. Май тері майымен және көп термен әрекеттесу арқылы терінің беткі сапасын өзгертеді. Нәтижесінде бет пен денеде бөртпелер, безеулер және қара нүктелер пайда болады. 

Құрамында ретинол, АНА және ВНА қышқылдары бар құралдар.

"Иә, мұндай косметика пигментті дақтарды кетіруге көмектеседі, бірақ жаздағы агрессивті ультракүлгін сәулені де ескерген жөн. Сіз SPF кремді жағуды ұмытып кетуіңіз немесе оны екі сағаттан кейін жаңарта алмауыңыз әбден мүмкін", - деді косметолог.

Егер құрамында қышқылдары бар косметикалық өнімдерді қолдануды шешсеңіз, оларды кешке жаққан дұрыс. Әйтпесе, күн теріні зақымдауы мүмкін.

Маңызды: жазда агрессивті пилингтерден, гоммаждардан, ірі және ұсақ скрабтардан аулақ болу керек. Мұның бәрі теріңіздің ультракүлгін сәулелерден, шаңнан және ластықтан қорғайтын қорғаныс қабатының жойылуына әкеледі.

"Скраб пен пилингтен кейін пайда болатын ұсақ жарақаттар мен сызаттар тері иммунитетінің төмендеуіне ықпал етеді. Бұл диффузды қызыл дақтар, ісіну, бет реңкінің күңгірттенуі және дерматит пайда болу қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін", - деп қорытындылады Екатерина Анчикова.

Оқи отырыңыз: Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер

А. Жапатова