"Ұл ма, қыз ба?" Ninety one тобының мүшесі әйелімен бірге гендер пати өткізді

"Ұл ма, қыз ба?" Ninety one тобының мүшесі әйелімен бірге гендер пати өткізді
Фото: instagram.com/_zhangalova

ALEM лақап атымен танымал әнші Батырхан Малик пен модель Вероника Жангалова гендер пати өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында әнші Батырхан Малик пен модель Вероника Жангалова қуанышты жаңалықтарымен бөліскен болатын. Олар әлеуметтік желілерінде гендер патидің видеосын жариялап, жанкүйерлері мен оқырмандарын тағы бір қуантты.

Оларға алдымен суреттері бар конверттер ұсынады. Конверттерден шыққан қыздар мен ұлдардың суреті тең болып шығады. Одан соң торт ұсынады. Алайда торттың іші де қызыл мен көк креммен жасалған болып шықты. Соңында картина ұсынады. Жұлдызды жұп картинада жасырылған суреттен болашақ сәбилерінің ұл екенін біледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова