Жанна Фриске, Анастасия Заворотнюк: жүктілік ми қатерлі ісігін тудыруы мүмкін бе?

30 мамырда 53 жастағы актриса Анастасия Заворотнюк ми қатерлі ісігінен қайтыс болды. Ол қорқынышты диагноз туралы 5 жыл бұрын кіші қызы Мила әлі бір жасқа толмаған кезде білді. Содан соң актриса қорқынышты аурумен күресті.

Ол барлық уақытын оңалту клиникасында өткізді, өмірінің соңында ол әрең қозғалған және қатты бас ауруынан қиналған. "Моя прекрасная няня" сериалындағы басты рөлді сомдаушы актриса босанғаннан кейін көп ұзамай кенеттен ауырып қалған.

Анастасия Заворотнюкке дейін әнші Жанна Фриске де қайтыс болды. Ол да баласын дүниеге әкелгеннен кейін ми қатерлі ісігі жайлы біліп, сол аурудан қайтыс болды.

Жүктілік пен қатерлі ісік арасында қандай да бір байланыс бар ма?

"Жүктілік кезінде әйел ағзасында эстроген емес, прогестерон деңгейі едәуір артады, оның жоғарылауы онкологиялық аурулармен байланысты емес", - деп түсіндірді "Аif.ru"-ге онкогинеколог-хирург Владимир Носов. — Босанған және емізетін аналардағы эстроген мөлшері өсіп қана қоймайды, керісінше төмендейді. Сондықтан жүктілік пен лактация, тіпті, белгілі бір дәрежеде әйелді қорғайды: мұнда мәселе кеш жүктілікте емес, әйелдің жасында. Әйел неғұрлым үлкен болса, қауіп соғұрлым жоғары болады. Бірақ қатерлі ісік пен жүктілік - бұл сәйкес келіп қалған болуы мүмкін екі бөлек жағдай".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!