"Үш күнде 25 миллион жиналды". Әбдіжаппар Әлқожаның достары әншінің туған күніне су жаңа көлік сыйлады

Бүгін танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа туған күнін дүркіретіп атап өтіп жатыр. Өнер иесінің жаңа жасына достары тосын сый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің достары оған арнайы аңға мінетін темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы әншінің әпкесі Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Көлікті сатып алу үшін достары 3 күнде 25 миллион теңге жинаған. 

"Туған күніңмен, жаным!
Сен бар адамға қажылыққа жолдама, көлік, телефон сияқты үлкен заттар сыйлайсың туған күнінде.
Саған не сыйларымызды білмей сасқалақтап жүрсек, достарың ұйымдасып аяқ астынан туған күнге шақырды. Одан бәрі жиналып, аңға мінетін көлік сыйлап жатыр. Не деген адалдық?! Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын!
Жасың құтты жас болсын! Мақтанатын, марқаятын сәтіңде осы достарың бірге бөлісе берсін, алыстамасын! Ғаламның бар ғажабын тілеймін!" - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқында өлімнің неше түрі бар?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!