"Дәріге де кетпейтін бас ауыруы". Ми қатерлі ісігінің белгілері қандай?

"Дәріге де кетпейтін бас ауыруы". Ми қатерлі ісігінің белгілері қандай?
Фото: ru.freepik.com

Ми жасушалары және оның айналасындағы тіндер (қан тамырлар, қабықшалар) субъективті және объективті факторлардың әсерінен саудан ауруға түрленеді. Қалыпты жағдайда жасушалар тек өлген жасушаларды ауыстыру үшін бөлінсе, ондай ауыр өзгерістер кезінде бұл процесс ағзаның бақылауынан шығады. Нәтижесінде бас сүйекте жаңа тін пайда болады. Ол сау тіндерге қысым жасай бастайды. Медицинада бұл патологиялық процесс ми ісігі деп аталады. Тиісті емнің болмауы өлімге әкеледі.

Ми қатерлі ісігінің түрлері

Ми қатерлі ісігінің түрлері нақты белгілерге қарай бөлінеді:

  • біріншілік - тікелей ми тінінен, сондай-ақ ми қабығынан, бас ми жүйкелерінен, домалақ без аймақтарынан түзіледі;
  • екіншілік - ісіктер бұрыннан бар жаңа түзілімнің (бастапқы) жасушаларынан өсе бастайды.

Зақымдаған жеріне қарай:

  • глиома - ісік мидың нейрондарын қорғайтын глиальды тіннің негізінде пайда болады;
  • невриномалар - ісіктер бас сүйек және есту жүйкелерінің тінінен түзіледі;
  • метастаздар  - бастапқы түзілуге негізделген қайталама процесс;
  • гипофиз аденомалары - қатерсіз түзілім;
  • менингиома - бұл ми қабығының жасушалары негізінде пайда болатын ісік;
  • дизембриогенетикалық - эмбриональды жасушалардан алынған жаңа түзілімдер.

Ми қатерлі ісігінің белгілері

Қатерлі ісіктің белгілері түзілім пайда болған жерге қарай әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ортақ белгілер бар:

  • есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
  • полярлық әрекетпен бірге жүретін психикалық бұзылыс: себепсіз көңіл көтеріңкілік немесе керісінше, жабырқаңқылық, апатия;
  • тері (сіңір) рефлекстерінің теңгерімсіздігінде көрінетін жүйке жүйесінің зақымдануы;
  • бұлшықеттердегі қозғалыс функциясының жоғалуы;
  • анемия, гормонды тепе-теңсіздік;
  • көз өткірлігінің төмендеуі немесе толық соқырлықтың басталуы;
  • ауызекі сөйлеу және жазу дағдыларын жоғалту (толық немесе ішінара);
  • жоғары импульсивтілік, өзін-өзі бақылай алмау;
  • байланыссыз және түсініксіз сөйлеу, есту қабілетінің бұзылуы;
  • құрысу, эпилепсиялық ұстамалар;
  • кеңістіктегі бағдарсыздық, денеде сезімталдықтың жоғалуы (жекелеген жерлерде).

Бастапқы кезеңде ауру жоғарыдағы белгілердің біреуімен (немесе бірнешеуімен) көрінеді. Ауру асқынған сайын бұл тізім толығады және науқастың жағдайы нашарлай береді. Ісіктің өсуіне байланысты бас сүйек ішіндегі қысым жоғарылайды, бұл мидағы патологиялық өзгерістерге тән жалпы белгілерді тудырады:

  1. жүрек айнуы, құсу;
  2. анальгетиктерге кетпейтін тұрақты және қатты бас ауруы;
  3. мидың қанмен қамтамасыз етілмеуінен немесе мишықтың қысылуынан туындаған бас айналу.

Ми қатерлі ісігінің пайда болуына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Аурудың нақты себебін анықтау мүмкін емес, бірақ қатерлі ісік қаупін бірнеше есе арттыратын факторлар бар:

  1. тұқым қуалаушылық: балалар ата-аналарынан (туыстарынан) ақаулы гендер алады;
  2. дененің төмен қорғаныс функциясы;
  3. бас миының жарақаты;
  4. зиянды еңбек жағдайлары;
  5. гендерлік және нәсілдік тиістілігі, жасы;
  6. шамадан тыс радиоактивті әсер;
  7. цитомегаловирусты инфекция.

Алдын алу шаралары 

Ісіктердің пайда болу проблемасын ғалымдар әлі де зерттеуде. Көпшілік онколог қатерлі ісік тұқым қуалайды деп айтады, сондықтан қауіп тобына қатерлі ісіктен қайтыс болған туысқандары бар адамдар кіреді.

Ынталандырушы факторларға үнемі күйзелісте болу, құрамында канцерогенді заттары бар өнімдерді көп жеу, ультракүлгін сәулеленуден қорғанбау, биологиялық белсенді қоспаларды бақылаусыз ішу жатады. Басқа органдарға метастаздар болмауы үшін ауруды ерте анықтау маңызды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова