"Бетжабар жасап жіберді ме?" Беташарда келіннің бетін жабуды ұмытып кеткендер жұртты күлкіге қарқ қылды

"Бетжабар жасап жіберді ме?" Беташарда келіннің бетін жабуды ұмытып кеткендер жұртты күлкіге қарқ қылды
Фото: instagram.com/adelya.snv/

Желіде беташар рәсімінде келіннің бетін жабуды ұмытып кеткендер жұртты күлкіге қарқ қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео блогер Аделяның Instagram-парақшасында жарияланды. Блогер бірнеше күн бұрын ұзатылған болатын.

"Жылдың сәтсіздігі", - деп жазған ол.

Бұл видео Желі қолданушыларын күлкіге әбден қарқ қылды.

"Бәсе, "неге беті ашық?" деп ойлап қоямын", "Бақытты, қуанышты болып тұр", "Техникалық қателер", "Бетжабар жасап жіберді ме?", "Соңына дейін түсінбей, қарап отырған мен ғана емес шығар", "Қуанғаннан милары ашып, ұмытып кеткен ғой", "Неге беті жабылмаған екен?" деп ойлап қоямын ғой", "Бастысы, қазақша желетке киюді ұмытпапты", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жолға шығарда қандай дұға оқу керек?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә