"Бәрі дұға оқып, жылай бастады". Танымал блогер ұшақта сұмдық жайтқа тап болды

Танымал блогер Айжан Байзақова саяхаттауға шетелге барар жолда сұмдық жайтқа тап болған. Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, гидроұшақпен ұшу кезінде, дауыл басталып, экипаж 3 рет жерге қона алмаған.

"Сұмдық болды.
Дауыл басталды, гидроұшақты ұшырып әкете жаздады, 3 рет жерге қона алмадық.
Бәрі дұға оқып, жылап жатты.
Балалар үшін қатты қорықтық.
Аллаға шүкір аман-есен жеттік", - деп жазған блогер.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ай-дан басталатын қыз есімдері

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз