"Көңілім алай-дүлей, көз жасым тоқтар емес". Наркенже Серікбаева ерекше жазба жариялады

"Көңілім алай-дүлей, көз жасым тоқтар емес". Наркенже Серікбаева ерекше жазба жариялады
Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva/

Танымал әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлемге әйгілі құран кітаптың 20 нұсқасын жазып, оның 500 миллион көшірмесі таратылған, Шейх Усман Тохәның қолын сүйіп, батасын алған.

"Бүгін мен үшін Алланың қалауымен Ұлы күн, тарихи сәт болды. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Раббым әр сәт сайын өзіңнің шексіз мейіріміңмен махаббатыңды сезінудемін. Сансыз шүкіршілік. Бүгін Әлемге әйгілі Құран кітаптың 20 нұсқасын жазып, соның 500 мил көшірмесі таратылған, Шейх Усман Тохә атамыздың қолын сүйіп, батасын алу бұйырды. Бұл менің өмірімдегі қаншама орын алған оқиғалардан кейінгі өзімді ең бақытты жан сезініп, жан дүнием толықтай тазарғандай күй кештім. Ол кісі Қазақстанға келеді деген сәттен көңілім алай дүлей жолығып батасын алғым келді, бірақ қайдам ол бұйыра қоймас деп іштей үміт үзген едім. Раббым пендесінің ойына өзі бұйыратын нығметті ғана салады екен ғой. Аллахтың құдіреті шексіз, пендесіне қайырлысын бұйырады. Бір кезде қашанда қолдау көрсетіп, жанымнан табылатын өнердегі үлгі тұтар әпкем Маржан Есжанова анам хабарласып, сол кісі тұрақтаған мейрамханаға шақырды. Көзімнен жас тоқтар емес, "бір көріп қалу бақыты бұйырды ғой" деп алып ұшып жетіп бардым. Алланың берген дарынымен алдында ән шырқадым. Ән айтқаныма ерекше ықылас білдіріп, жанына шақырып "Қызым, дауысың қандай керемет, Аллах берекет берсін" деген ақ батасын берді. Қолынан қасиетті Меккенің иісі аңқып тұрған атаның қолын сүю бақыты бұйырды. Өмірім түбегейлі оң жаққа өзгергендей күй кештім, Ин шаа Аллах солай болғай. Осы күнді бұйыртқан Аллаға шүкір деймін. Бұл керемет күннің болуына себепші Маржан әпкеме қашанда алғысым шексіз.
Алл️аға сансыз шүкіршілік", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: 10-сынып оқушылары қандай әдеби кітаптар оқуы керек?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә