Қара бетперде киген жұмбақ жігіт такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін мүгедек ер адамды қуантты

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін мүгедек ер адамды қуантты
Фото: instagram.com/chelovekvmaskee

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасыға жаңа баспана мен көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұрат - екі баланың әкесі. Өзі де, әйелі де - бірінші топтағы мүгедек жандар. Олар жалдалмалы пәтерде тұрады.

"Мен екі баланың әкесімін, екі қызым бар. Мен өзім такси жүргіземін, көлікті жалға аламын. Менің бірінші топ мүгедектігім бар, жүре алмаймын. Әйелімнің де бірінші топ мүгедектігі бар, оның көрумен проблемасы бар. Ол үйде құранды Брайлев жүйесі бойынша оқиды. Үйді жалдап тұрамыз. Балаларыма жақсы тәрбие бере алсам екен деймін", - дейді Мұрат видеода.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бұл отбасыға жаңа баспана мен көлік сыйлады.

"Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Адал еңбек етіп жүрсіз. Бүгін Алла бізді сізге жіберді. Мына ақшаға әйеліңіз екеуіңіз ем ала аласыздар және Умраға бара аласыздар. Ал мына үйде сіздің баспанаңыз орналасқан. Мына көлік те сізге", - дейді қара бетперде киген жұмбақ жігіт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

А. Жапатова