Психолог кедейлікке әкелетін әдеттерді атады

Психолог кедейлікке әкелетін әдеттерді атады
Фото: pixabay.com

Психолог Александр Петрищев кедейлікке әкелетін әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Moslenta"-ға сілтеме жасап.

Психолог өмірде ауқымды мақсат қою маңызды екенін айтты.

"Бірінші әдет - мақсаттардың болмауы. Көпшілік адамда қайда бара жатқаны және бір, екі немесе он жылдан кейін өзін қалай көретіні жайлы түсінік жоқ. Үлкен мақсат өмірге мән сыйлайды, энергия береді, таңдау жасауға көмектеседі, бағыттаушы болады. Мақсат - жеке тұлғаның ауқымының көрсеткіші. Әр ауқымның өз ресурстары бар", - дейді маман.

Адам не және оны не үшін жасап жатқанын түсінуі керек, ол арманының немесе нақты мақсатының картинасын көре алуы тиіс. Егер әрекеттің мақсаты болмаса, ол энергияны алатын жай ғана ретсіз қозғалыстар болмақ.

Ол екінші әдетке жоспарлай алмауды жатқызды. Адам бір жыл, ай, апта немесе күні бойы не істейтінін білмесе, назары әр нәрсеге ауады және жолынан "адасып" кетуі мүмкін.

Тапсырмалар мен міндеттер арасынан басымдықтарды қоя білмесеңіз, ол шешілмеген тапсырмалардың көбейіп кетуіне және дұрыс демала алмауға әкеледі. Нәтижесінде ол күйзеліске, ұйқының бұзылуына, денсаулыққа қатысты проблемалардың пайда болуына әкеледі. Психолог бір уақытта бәріне үлгеру мүмкін емес екенін айтты. Ол мақсатқа жету үшін басымдықтарды дұрыс анықтай білу маңызды екенін ескертті.

Бізде күнде өмірімізді және өзімізді жақсы жағына өзгертуге көптеген мүмкіндік бар. Алайда көпшілік адамға өмірдің сыйын құнсыздандыру оңайырақ. 

"Өміріңізде болып жатқан нәрселерді бағалауды үйреніңіз: ол адамдар, жағдайлар, кішкентай болсын жағымды сәттер болуы мүмкін. Ұйықтар алдында өзіңізге және күні бойы болған жақсылықтар үшін әлемге алғыс айтыңыз", - дейді маман.

Ақша табудың және өз тапсырмаларын іске асырудың стандартты емес шешімдерін іздеуді үйренбеген адамдар өзінің қаржылық шегінен аса алмайды.

Александр Петрищев бір сарынды ғана ойламай, бір жағдайға әртүрлі жағынан қарауды, қиялды дамытуды ұсынды. Үнемі креативті қабілетіңізді жаттықтырсаңыз, бір күні шешімді басқаша қабылдайтыныңызды және жағдайдың күтпеген шешімін таба бастағаныңызды түсінесіз. Ал креативті және еркін ойлау - табыс кілті.

Оқи отырыңыз: Ақшаны қалай үнемдеуге болады? 10 кеңес

А. Жапатова