"Жетінші қызын дүниеге әкеліп, қайтыс болған". Дина Төлепберген анасының өмірбаянын айтып берді

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметттік желідегі парақшасында анасы арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жазбасы арқылы анасына алғыс білдірді.

"Мына суреттерге түсу - анам екеуміз үшін сынақ болғандай.
Неге деп сұрауыңыз мүмкін?

Менің мамам Зейнегүл Махатқызы. Қысқартып Зина деп айтады. Ал мен сол Зинаның қызы Динамын. Ой, бұл өмірде Зина мен Динаның қызықты хикаялары көп-ақ. Бірақ анамның мойнына асылып, еркелеп, бетінен шөлп-шөлп етіп сүйіп, құшақтасып отыру менің өмірімде болмапты.

Менің анам небәрі 11 жас кезінде анасынан айрылған. Нағашы әжем кенжесін - жетінші қызды дүниеге әкеліп, қырық күннен соң қиылып кете барды. Анашым мамалық мейірімді көрмеді ме, суыққанды, бірбеткей болып өсті. Ер мінезді болған деседі. Зар заманда дәрігерлікті оқып, кейін жедел жәрдемнің ең қиын жағдайларда шақыратын БИТ бригадасының дәрігері болды.

Менің анам басқа аналарға ұқсамайды. Бір бөлмелі пәтерде тұрсақ та, дүниенің кеңдігін ұғындырды. Тұрмысымыз төмен болса да, мүмкіндіктің мол екендігін түсіндірді.

Анашым, рақмет. Аналар күнімен!" - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ампер заңы қалай тұжырымдалады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!