"Kalifarniya жүрегімді жаралады". Танымал блогер өзін әншімен не байланыстыратынын айтты

Танымал блогер Сабина Мовлаева "Ozmz ғой" бағдарламасына берген сұхбатында өзін әнші Kalifarniya-мен не байланыстыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сабина Мовлаева мен Kalifarniya сыныстас болып шықты.

"Kalifarniya менің Ақтөбеде бірге оқыған сыныптасым. Біз бір мектепке оқыдық. Ол енді ғана "Қар" әні арқылы танылып, атақты болып келе жатқанда екеуміз кездестік. Сөйтіп мен оған "жаным сол, маған көмектес енді. Бір-бірімізді тартайық, мен қазір блогермін, бірақ бала кезімнен әнші болғым келетінін білесің ғой" дедім. Ол маған "мен тіпті Қайрат Нұртасқа әнімді бермеймін" деп жауап берді. Қысқаша айтқанда бетімді қайтарды, бұл менің жүрегіме тиіп қалды. Сосын "жарайды" дедім, негізі менің жүрегіме қатты тиді, бірақ оған ешқандай ренішім жоқ. Содан бері біреуден көмек сұрай алмаймын", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Еуровидение-2024» байқауында кім жеңді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!