"Футболкасының өзі 710 мың теңге". Әсел Сағатованың бір күндік образы қанша тұрады?

Жансая Махабаева есімді блогер танымал актриса Әсел Сағатованың бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты. 

"Әсел Сағатованың мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар? Қазір айтып беремін.
Әдеттегідей киімінен бастайық, образ толығымен Dior брендінен.
Футболка - 710 мың теңге.
Жакет - 1 миллион 500 мың теңге.
Белдемше - 900 мың теңге.
Сөмкесі - 1 миллион 600 мың теңге.
Туфли - 1 миллион теңге шамасында.

Ал енді әшекей-бұйымдарына көшейік.
Мына сағаты - Santos de Cartier топтамасынан 5 миллион 500 мың теңге.
Сырғасы - Dior брендінен 380 мың теңге.
Сақиналары да осы Dior брендінен, біріншісі - 220 мың теңге, екіншісі - 180 мың теңге. 
Алқасы інжудан жасалған - Dior брендінен 770 мың теңге.
Білезіктері - Damiani брендінен, біріншісі, қызғылт түсті алтыннан жасалған - 2 миллион 650 мың теңге, екіншісі, ақ алтыннан жасалған, гауһар тастармен апталған - 5 миллион 300 мың теңге.
Ал мына теннистік білезік гауһар тастарымен - Damiani брендінен 2 миллион теңге шамасында.

Сонымен, барлығы - 22 миллион 710 мың теңге", - дейді блогер.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қарқара деген не?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!