"Ішіңіз таза болсын". Ерке Есмахан бет күтімінің құпиясын ашты

Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап беріп, оқырмандарына бет күтіміне байланысты кеңесін берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Instagram-дағы парақшасында бет күтімі жайлы айтып беруін сұраған оқырманына жауап берді.

"Осы сұрақ көп қойылады. Қыздарға кеңесім, интернетте мақтап көрсеткен нәрсені бетіңізге жаға бермеңіздер. Бірінші косметологқа барыңыздар, кеңес алу қымбат емес. Бет теріңіздің типін, бетіңізде қандай проблема бар екенін біліп алыңыздар. Сосын өз теріңізге керек күтімді аласыз. Өйткені үйдегі күтім - ең маңызды нәрсе. Әрине коллаген ішуді де ұмытпаңыздар.

Мен пайдаланатын крем, маскаларым сіздің теріңізге келмей, кері әсер беруі мүмкін. Сондықтан бұл жерде бәрі жеке қарастырылады.

Келбетіңіз әдемі болсын десеңіз, ішіңіз таза болсын. Жақсы ой мен жақсы сөз айту да күтімге жатады дер едім", - деп жазды Ерке Есмахан.