"Тілдің ақ, сары және сұр болуы". Тілдегі өңез бен бактерияларды тазартудың 5 әдісі

Тіліңізге мән бересіз бе? Кейде тілдің бетіне жағымсыз өңез пайда болады. Ол ауру белгісі болуы да, қауіпсіз белгі болуы да мүмкін. Оны қалай анықтауға болады және тілді таза ұстаудың маңызы қандай? Оны "Doctorpiter"-ге стоматолог Светлана Ялтонская түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңездің екі түрі болады.

Физиологиялық өңез. Ұйқы кезінде сілекей баяу бөлінеді, ал бактериялар, керісінше, белсенді болады. Соның салдарынан әр адам таңертең көретін өңез түзіледі, бұл қалыпты. Өңез - жартылай мөлдір қабыршақ, оның артынан тіл көрініп тұрады. Кейде ол жағымсыз иіспен қатар жүреді, алайда одан қарапайым гигиена арқылы арылу оңай. Заманауи тіс щеткаларында тілді тазалайтын арнайы беті бар. Оған қоса, физиологиялық өңез тамақтану кезінде өздігінен де жоғалады.

Патологиялық өңез. Ақ өңез кейде ауру белгісі болуы мүмкін. Мысалы, ол ЖРВИ-дің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда өңез кетіп болмайды және оның артынан тілді көре алмайсыз. Өңез емделгеннен кейін ғана кетеді. Оның түсінің қарқындылығы ауру түріне, асқыну деңгейіне қарай әртүрлі болады:

  • Тілдің сары болуы өтпен және ұйқы безімен байланысты ауру белгісі болуы мүмкін.
  • Сұр – жара немесе гастрит.
  • Егер инфекция ауыр болса, өңез кейде көк, жасыл немесе қара түсті болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

Тілді қалай дұрыс тазалау керек?

Тіл күтіміне арналған көптеген құралдар бар: түрлі қасықтар, қырғыштар, щеткалар, арнайы пасталар және т.б. Мұның барлығы тілді тиімді әрі жұмсақ тазалауға арналған. Десе де, қарапайым тіс щеткасымен де сол нәтижеге жетуге болады. Қарапайым тіс щеткасының бас жағында арнайы бет бар. Сонымен тілді жоғарыдан төмен қарай жүріп өту керек. Содан соң аузыңызды сумен шайыңыз.

Халықтық құралдар

Егер тілді механикалық тазалағыңыз келмесе, онда тіл тазалауға кей пайдалы өнімдерді қолдануға болады:

Сарымсақ. Сарымсақтан кейін ауыздан жағымсыз иіс шыққанымен, ол бактерияларды жақсы жояды. Сол үшін ауыз қуысы біразға дейін таза болады.

Тұз. Тұздың ұсақ бөліктері тіл бетіндегі өлген жасушаларды және бактерияларды жоя алады. Ол үшін аз ғана тұзды тілге қойып, үстінен саусағыңызбен жайлап уқалайсыз. Содан соң аузыңызды сумен шайып тастаңыз.

Куркума. Лимон шырыны мен куркума қоспасын пайдалануға болады. Дайын пастаны тілге жағып, бірнеше минуттан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

Алоэ вера. Бұл қабынуға қарсы және жараны жазатын өсімдік. Алоэ вера шырынымен ауызды шайсаңыз, ол тілдегі және тіс етіндегі барлық бактерияларды жояды.

Шөптер қоспасы. Жалбыз, түймедақ және сәлбеннің емдік қасиеттері бар. Осы шөптерді қайнатып, оған аздап тұз қосып, сонымен ауызды күніне екі рет шайыңыз.

Оқи отырыңыз: Қандай шай шаршағанды басып, мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі?