"Ең жақын дос - өмірлік серігің". Ләйлә Сұлтанқызы ой саларлық жазба жариялады

"Ең жақын дос - өмірлік серігің". Ләйлә Сұлтанқызы ой саларлық жазба жариялады
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының ақылын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ләйлә Сұлтанқызы анасы "ең жақын достар кімдер?" деген сұраққа жауап берді. 

"Ерлі-азйыптылар, мүмкіндік болса, ештеңе жасырмай, жақсы достық пен қарым-қатынаста өмір сүрсеңіздерші. Барлығын өздеріңіз шешесіздер. Балалық дос, орта буынды, сыныптас, жора-жолдас дос дейді.  Үйленіп, отау құрғаннан кейін жолдастар болады. Ең жақын досы - өзінің жары мен ері. Сырларын бірге айтатын, қатты сөйлеп қалса, кешірімді болатын. Барлығын ортаға салып шешетін дос болатын солар деп ойлаймын", - дейді оның анасы. 

Ал тележүргізушінің айтуынша, дастархан басындағы үлкендердің әр әңгімесі - тұнып тұрған философия.

"Дишинкамның әр әңгімесін қайталаңызшы-қайталаңызшы деп жазып алуға тырысамын осылай. Мұның бәрі - естелік, тарих. Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, Ал махаббат - таусылмайтын әңгіме!" - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек