"Балғынбек Имашпен мені лақтырып кетті". Серікзат Дүйсенғазы ел білмеген естелігін айтты

"Балғынбек Имашпен мені лақтырып кетті". Серікзат Дүйсенғазы ел білмеген естелігін айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы көпшілік білмеген өнері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ол бұрыннан гитараға құмар болған, тіпті Балғынбек Имашпен бірге өнер көрсеткен. 

"Біраз оқырмандарым менің гитара тартатыныма таңданыс білдіріп жатыр екен. Түсініктеме беріп кетейін. Студент кезде гитараға құмар болғанмын. Кейін бірыңғай домбыраға көшіп кеттік қой. Мына сурет 1996 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі 301-аудиториясында түсірілген. Дәулеткерей Кәпұлы екеуміз тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелді ағамызбен кездесу болып жатқанда барып, Кентау Назарбек ағаның "Бір бәйтерек, бір шынар" деген ата-анаға арнаған әнін айтқанбыз. Әжептәуір КазГУ-градқа танымал дуэт едік, Дәулеткерейдің жеке орындаушы боламын деп қиғылық салып, бөлініп кеткені болашағымызға балта шапқан жоқ па?! Астанаға келген соң Балғынбек Имашпен дуэт болып, мені лақтырып кетті ғой, деп екеуін жамандап кетсең, иә. Қалжың ғой. Студент кезден бірге келе жатқан достарыммен көп қызық кеш бастан өтті ғой. Гитараға да сол кезден қалған аздап ебіміз бар. Анда-санда аккордтарын ұмытып қалмайын деп тартып-тартып қоямын", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Серікзат Дүйсенғазы (@serikzat_duisengazy)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек