"Қиын жұртқа тап болғандай". Бірнеше тісі жоқ әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы жұртты тәнті етті

Желіде үш баланың анасы адам танымастай өзгерген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео мен басты кейіпкер туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. 

Әйелдің ісімі - Алмагүл. Ол үш баланы тәрбиелеп отыр. Әйел сұлулық салонына жүгініп, қызының қоштасу кешіне бояндырып беруді сұраған.

Видеода кейіпкерінің бірнеше тісі жоғы байқалады. Тіс дәрігерінің де көмек қолын созып, әйелге тісті тегін салып бергені көрінеді. 

"Адам танымастай өзгердім, таң-тамаша болдым, көмектескендердің барлығына өте ризамын, сіздерге көп рақмет", - деді Алмагүл өзін көріп.

Желі қолданушылары да таңданыстарын жасыра алмады.

"Сұп-сұлу қызды қалай аздырады қазақтың еркектері", "Қайын жұртқа емес, қиын жұртқа тап болғандай", "Өте әдемі әйел. Бояу қалай әдемі өзгертті", "Қандай әдемі әйел, балалары бар деп ойламайсың".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!