"Ауылдың баласы". Raim-ның су тасқынымен күрес кезінде түскен суреті Желідегілерді күлдірді

"Ауылдың баласы". Raim-ның су тасқынымен күрес кезінде түскен суреті Желідегілерді күлдірді
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Raim су тасқынымен күрес кезінде ер адаммен суретке түскен. Өнер иесі бейнеленген суретті ер адам отбасылық чатқа жіберген. Ер адамның әйелі әншіні танымай, оны ауылдың баласы деп ойлап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда ер адамның әйелі Raim-ды танымай қалғаны, оның Ерке Есмаханның күйеуі екенін айтқан соң есіне түсіргені көрінеді. 

Желі қолданушылары да Raim-ның "жаңа образынан" әншіні танымай қалғанын жазған. 

"Шыны керек мен де танымай қалдым", "Ауылдың баласы ғой, тек ән айтатыны болмаса","Қарапайым ауылдың баласы ғой, кең пейілді", "Мен де солай ойлайтын едім, шынымен қарапайым ауыл баласы", - деп жазған олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек