"2,7 миллиард теңге". Роза Әлқожа су тасқынынан зардап шеккендерге мол қаражат бөлгендер туралы айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллиард теңге бөлген Бахаридин Аблазимов туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші оның анасын танитынын жазды. 

"Қайырлы кеш!
Жетісай өңірінде Жамал апа десе елең етпейтін жан аз. Бибіжамал атты апамыздың шапағатынан Алматы, Маңғыстау жұртшылығы да хабардар.
Кезінде Алматыда алғаш концерт берерде осы Жамал апа ұлын шақырып алып, "мынау сенің қарындасың, 200 билетін аласың" дегенде танымаса да, "болды, анашым" деп келісе кеткенін әлі ұмыта алмаймын.
"Жақсының жақсылығын айт" демекші сол әзиз анадан ғибрат алған жүрек қай кезде бей-жай қалмайды.
Бахариддин ағамыз қаңтар қырғынында да құр қалмай, алғашқылардың бірі болып қаржы аударған еді.
Форбес тізімінде тұрған мақтанышымыз тағы да таңғалдырып отыр.
Бүгінде міне, су тасқынына мол қаражат бөлгендердің алды боп тұр. 2,7 миллиард бөлген атымтай жомартқа Алла мол сауаптан жазсыншы!
Аталған дүние аймаққа жетіп, алғыс-батамен көктеп-көгере беріңіз, жақсы ағам, жақсы адам!" - деп жазған әнші.

Тағы да оқи отырыңыздар: Дерт көшіру деген не?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз