Қауіпті аурудың аяққа қарап білуге болатын белгісі

Аяқтағы кей белгілер ағзада дамып жатқан қандай да бір ауруды білдіруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Express"-ке сілтеме жасап.

Холестериннің жоғары деңгейі

Егер сізде холестерин деңгейі жоғары болса, бұл қаныңызда холестерин деп аталатын майлы заттар өте көп екенін білдіреді. Оны гиперхолестеринемия деп те атайды. Бастапқыда ол ешқандай жағымсыздық туғызбауы мүмкін, алайда уақыт өте ол денсаулыққа қатысты қауіпті проблемалар қаупін арттырады.

Холестерин артерияларда жиналып, қанның өтуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлар ауруы қаупінің негізгі факторы.

Алайда көп адам өзінде холестерин деңгейі жоғары екенін білмейді. Себебі ол әдетте ешқандай белгі бермейді. Оны қан анализі арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ кейде оны аяқтағы мына белгілер арқылы білуге болады:

  • Аяқтағы түктердің түсуі;
  • Башпай тырнақтарының сынғыш болуы және оның өте баяу өсуі;
  • Аяқтағы жаралардың (ашық жаралардың) жазылып болмауы;
  • Аяқтың ұйып қалуы және әлсіздік;
  • Аяқ терісі түсінің өзгеруі, мысалы, бозарып немесе көгеріп кетуі;
  • Аяқтағы бұлшықет көлемінің азаюы.

Кей адамдардың жүргенде аяғы ауыруы мүмкін. Бұл кезде бірнеше минут демалсаңыз, оның ауырғаны кетеді. Сондай-ақ бір аяқ екіншісіне қарағанда қатты ауырады. Бұл белгі де дәрігерге қаралуға себеп.

Оқи отырыңыз: Холестеринді түсіретін сіз ойламаған 6 қолжетімді өнім