"Теміреткі, псориаз". Қолтыққа бөртпе шығуының 7 себебі

"Теміреткі, псориаз". Қолтыққа бөртпе шығуының 7 себебі
Фото: ru.freepik.com

Қолтықта бөртпенің пайда болуы – ешкіммен талқылағың келмейтін тақырып. Алайда бұл проблемаға ұзақ уақыт бойы мән бермей қоюға болмайды: бөртпе қышып, жағымсыздық сыйлайтын болады. Сондықтан оның себебін анықтау және одан қалай арылу керегін білу маңызды.

Тері кандидозы

Бұл Candida саңырауқұлақтарының себебінен туындайтын тері бетінің зақымдалуы. Қолтық терісінің қыртыстарында қызыл бөртпе мен ісіну пайда болады. Оны емдеу үшін дәрігер саңырауқұлаққа қарсы препараттар мен мазьдар жазып береді. Тері кандидозы созылмалыға айналып кетуі мүмкін, яғни ол жыл бойы бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Әдетте оған басқа созылмалы аурулары (мысалы, асқазан-ішек жолы проблемасы немесе анемиясы) бар қыздар шалдығады.

Аптап ыстық

Қолтықта бөртпе ыстық салдарынан пайда болуы мүмкін. Әдетте мұндай бөртпе қолтықта, шапта, шынтақ және тізе бүгілісіне шығады. Оның жеңіл түрінен бірнеше күнде арылуға болады. Ыстық күндері денеге жабысып тұратын синтетикалық киімдерден бас тарту керек және уақытында душқа түскен жөн. Егер қолтыққа бөртпе жиі шықса, бұл денсаулығыңызды тексеруге себеп: қантқа қан анализін тапсырыңыз және эндокринологқа көрініңіз. Ппоблема артық салмақта болуы да мүмкін.

Сәйкес келмейтін дезодорант

Терісі сезімтал қыздар дезодорантты мұқият таңдау керек. Олардың кейбіреулері қолтықта бөртпе пайда болуына және оның қышуына әкелуі мүмкін. Оның құрамында табиғи майлары және өсімдік сығындылары бар түрін таңдаған дұрыс. Сондай-ақ дезодорант жеке гигиена құралы екенін ұмытпаңыз. Оны басқа адаммен бөлісуге болмайды.

Дерматит

Дерматиттің бірнеше түрі бар: оғаш, себореялық, аллергиялық. Алғашқы екеуі тері құрғақтығымен байланысты болғандықтан, қолтық терісіне сирек шығады. Ал аллергиялық дерматит қолтықта бөртпенің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ол дезодорант, кір жуғыш құрал немесе қырынуға арналған гельге терінің реакциясы болуы мүмкін. Бұл жағдайда маманға қаралыңыз. Ол аллергия беріп тұрған өнімді анықтауға көмектеседі және жазылу процесін жылдамдату үшін қабынуға және қышуға қарсы препараттар жазып беруі мүмкін.

Фолликулит

Бұл энфекциялық процесс: қолтықта немесе дененің басқа да түкті бөлігінде пайда болатын іріңді бөртпе. Фолликулит стафилококк, ішек таяқшалары, герпес вирусы себебінен дамуы мүмкін. Бұл проблема депиляция немесе эпиляциядан соң, сондай-ақ тері механикалық зақымдалғаннан кейін пайда болуы мүмкін. Фолликулит емдеу үшін жиі антибиотиктер керек, сондықтан маман көмегіне жүгінген жөн.

Құрғақ теміреткі

Теміреткінің пайда болуына мыналар ықпал етуі мүмкін:

  • Асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы;
  • Гормонды жаңылыс;
  • Тершеңдік;
  • Күнге күю;
  • Қатты шаршау, күйзеліс.

Псориаз

Бұл патология кезінде иммунды жүйе терінің сау жасушаларына қателесіп шабуыл жасайды. Сондықтан терінің бетіне бөртпе пайда болып, қышиды және ауырады. Әдетте псориаз шынтақтың сыртқы бетінде, баста, маңдайда немесе арқада пайда болады. Бірақ ол дененің басқа бөліктеріне де тарауы мүмкін. Псориаздың пайда болуының нақты себебі әлі анықталмаған. Алайда бұл ауру жиі ата-анадан балаға беріледі. Сондай-ақ ол басқа аутоиммунды аурулармен, мысалы қант диабеті немесе қызыл жегі ауруымен қиналатын адамдарда жиі кездеседі.

Оқи отырыңыз: Түнгі тершеңдіктің себебі және одан қалай арылуға болады?

А. Жапатова