"Өліп кетпесе болар еді". Ақбота-Нұр Абайқызының жаңа суреті оқырмандарын шошытты

Танымал әнші Ақбота-Нұр Абайқызы әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеп, оқырмандарын шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бет-аузы көгеріп, қанаған сурет жүктеп, астына қыз болып туу қиын екенін жазған. 

"Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,
Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.
Аламанға салсаң озар, әй қайдам,
Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.

Мен - әйелмін, қырық жан бар бойымда,
Шырқыраймын, талай уайым қойында.
От шарпыса шыдай түсем ерімей,
Себебі мен ұқсап кетем-шойынға...

Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс..", - деп жазған ол.

Әншінің бұл суреті Желі қолданушыларын шошытты, олар түрлі пікір қалдырған.

"Не бүлдірген? Аямай сабапты ғой", "Бұл қасқалар хайп деп жүріп, шын өліп кетпесе болар еді", "Бишімбаев қашып үйіңе барған ба?", "Әрбір қыз бақытты болуға лайықты…", "Шошып кеттім ғой саған біреулер қастандық жасап кетті ме деп", "Құрсын, Ақбота, кинодан үзінді болса, мынадай суреттер салма, қажеті жоқ. Кинода да бақытсыз әйелдің ролін сомдама, көп әртістердің өміріндегідей кейіпкерінің өмірін қайталайтын жағдайлар болуы мүмкін. Өшіріп таста!", "Сақтай көр. Кинодан үзінді болсын...", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Аспиринді қандай дәрімен бірге ішуге болмайды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!