"Рома - ұл, мен - қыз қалап тұрмыз". Танымал блогер гендер пати өткізді

"Рома - ұл, мен - қыз қалап тұрмыз". Танымал блогер гендер пати өткізді
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай жақындарының басын қосып, гендер пати жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына сурет жүктеп, оқырмандарына жария етті. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған блогер тағы ұлды болмақ.

"Түнделетіп гендер пати.
Рома - ұл, мен - қыз қалап тұрмыз!
Алла нәсіп етіп ай-күнімізге аман-есен жетіп, деніміз сау, он мүшеміз аман болып, өмірге келуді нәсеп етсін", - деп жазған блогер. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Көміртек оксидтері: CO және CO₂ мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі: NaOH, H₂O, NaO, O₂, CuO?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә