"Дүбәралар". Гүлзира Айдарбекова өзін Димашпен салыстырған оқырманына ашуланды

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне Димаш Құдайберген туралы айтқан оқырманына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер өнер адамдарымен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге көрсеткен көмегі туралы жазып, жазба жариялаған. 

"Неше күн жүріп, бір емес бірнеше жерлерді Атырау, Орал, Ақтөбе барлығын ерінбей аралап, қолымыздан келген көмекті өздеріне көзбе көз тапсыра отырып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдадық. Айтып тұрып жылап та біздерді қоса жылатты да. Титымдайынан от басын құрғаннан бастап қанша еңбегімен жиған, тіптен дүние мүлкімен ыстық ұяларынан айрылған, үстілерінен дұрыс киімдерін киіп те азын аулақ заттарын да алып үлгермей, 5-6 бала-шағаларын жетектеп шыға салған қаншама ана көз жасына ерік берді. Әрқайсысын құшағыма қысып, беттерінен сүйіп жұбатқаным болмаса қолдан келер не шара. Әйелдер біздер түгілі бізбен бірге барған өнердегі ер азаматтардың жүрегі қарсы айрылып көңіл-күйлері түсіп қайтты. Қолдарынан бар келетіні жұмыла түгел қария мен балаға дейін, қапшыққа топырақ толтырып айнала қоршау жасауда. Құрметті оқырмандарым!
Алланың қаhарынан сақтанып ниетімізді түзеп өсектен арылайықшы. Соңғы кезде біреуді-біреу артын аңдып мысқылдап, қайтсем күлкі етем деген қара ниет көбейіп кетті. Азғантай ғана қазақпыз неге біріміздің етімізді біріміз жеуіміз керек? Сіздер қалай ойлайсыздар?" - деп жазған ол.

Бұған продюсердің оқырманы пікір қалдырған. 

"Димашты көрінген жерге тығып деңгейін түсіре бермеңіздер. Димаш ол Димаш. Ешкім Димаш бола алмайды, оған Алланың берген бағы. Өнер адамдары Димашты аңдымай-ақ қай кезде болмасын елдің басына іс түскенде қарап калған кезі болған жоқ, бәрі пенде, бәрінің жүрегі бар. Міне қанша айтып жазып жатырмын, бір-бірімізді күндемейік, елді кері пікірге итермелеп өсек айтпайық, мына болып жатқан жамандық атаулы сол қара ниетімізге көрініп жатыр деп, сөзді бұрмалаған түсінігі жоқ дүбәраларды мен халық деп ойламаймын, арандатушылар, соның бірі сенсің. Бәріміз бір қазақтың баласымыз осыны түсіну керек", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: ИП қалай ашады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз