Қара шай ішуді доғарсаңыз не болады?

Қара шай - әлемдегі ең танымал сусындардың бірі. Оны кенеттен ішпей кетсеңіз, қандай салдарлар болуы мүмкін? Қара шайдан бірден бас тартқан кезде ағзада өзгерістер байқалуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.

Энергия деңгейі

Қатты білінетін өзгерістің бірі - сіздегі энергия деңгейі. Қара шайда кофеин бар. Ол сізге сергектік сыйлайды және көңіл күйіңізді арттырады. Егер кенеттен қара шай ішуді доғарсаңыз, бастапқы кезде өзіңізді күні бойы шаршаңқы сезінуіңіз және ұйқышыл болып жүруіңіз мүмкін.

Ас қорыту

Қара шайды кейде асқорытуды ынталандыру үшін қолданады. Егер оны ішуді тоқтатсаңыз, бұл асқазан мен ішекке әсер етуі мүмкін. Мысалы, тамақтан соң ауырлық сезімі немесе тіпті ас қорыту проблемалары пайда болуы мүмкін.

Кофеинге тәуелділік

Қара шайда кофеге қарағанда кофеин аз, десе де ол осы заттың көзі болып келеді. Егер қара шай ішуді доғарсаңыз, кофеинге тәуелділіктің белгілері байқалауы мүмкін. Себебі сіз күнде оның қандай да бір мөлшерін алуға үйреніп қалдыңыз.

Балама сусындар

Қара шай ішуді доғарсаңыз, оған балама сусындар іздеп кетуіңіз мүмкін. Ол көк шай, ақ шай, шөптік шай немесе қарапайым су болуы мүмкін. Бұл сусындардың бәрінің өзіндік ерекшеліктері бар және олар денсаулыққа жағымды әсер етуі мүмкін.

Қосымша әсерлер

Егер бірден қара шай ішпей кетсеңіз, сирек жағдайда кей жағымсыз қосымша әсерлерді сезуіңіз мүмкін. Мысалы, басыңыз ауыруы, тітіркенгіш болып кетуіңіз немесе тіпті депрессия бой алуы мүмкін. Сондықтан шайдан толықтай бас тартқанға дейін ағза өзгерістерге үйренуі үшін оның мөлшерін біртіндеп азайту ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Тамақтан соң бірден шай ішуге бола ма?