"Елуге келсе де, 50 грамм ми бермепті". Желіде туған күнін перғауын кейпінде тойлаған ер адам қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Жаңаөзенде 50 жасын перғауын кейпінде тойлаған ер адам қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео "mangystaumedia.kz" Instagram-парақшасында жарияланды.

Кадрдан перғауын стилінде киініп таққа отырған ер адамды 6 жігіт көтеріп жүргенін көруге болады. Туған күнге келген өзге қонақтар да перғауын заманындағыдай киім таңдаған.

Бұл көрініс Желі қолданушыларының ашуына тиген, мұны видео астына жазылған пікірден байқауға болады. 

"Елуге келсе де, 50 грамм ми бермепті", "Пирамидаға апарып жерлеп тастамадыңдар ма тірідей, келесі сатыға кеттің деп", "Кәпірдің рөлін қайтейін деп жүр", "Сол жердегі бір адам болса да айтпаған ба немесе той жасардың алдында. Жастар бұзылған дейді. Жастар емес, үлкендер алжыған заман", "Ақшасын сыйдыра алмай журген мұнайшы шығар", "Лағнетке ұшыраған Фараон болып жүр", "Қазақтан безген бәлекет, ата-бабаңның әруағынан ұят болды-ау", "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деген осы. Елуге келіп ел ағасының ақылының жеткен жері осы ма? Ел суға кетіп жатқанымен хабары жоқ той тойлап. Тәрбие жоқ. Бұрынғы үлкендер көршінің үйінде көңілсіз жағдай болса үйде отырып артық күлдіртпейтін еді. Не деген масқара ақылсыздық. Ата сақалы аузына түскенде. Баланың туған күні болса екен азамат болды деп тойлайтын. Үлкендер ерісіп кеткен. Той дегенді қысқарту керек", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Температура көтерілгенде ингаляция жасауға бола ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!