"Жақында той". Танымал тележүргізуші жаңа жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды

"Жақында той". Танымал тележүргізуші жаңа жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды
Фото: instagram.com/ann_2905

Танымал тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа сурет жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анна Данченко тележүргізуші Руслан Өтепбаймен бірге түскен суретін жариялаған. 

"Руслан мырза екеумізді не байланыстырады?
Кім табады? 3 дұрыс жауап бар", - деп жазған ол сурет астына. 

Бұған журналистің оқырмандары түрлі пікір қалдырған. Бірі екеуін бір сала байланыстырады десе, енді бірі оларды жұп ретінде көретінін жазған. 

"Жүректеріңіз байланысып тұрған шығар", "Жерлессіздер, Қызылорда облысы. Мамандықтарыңыз - журналистер. Бойдақсыздар", "Отау құра салыңыздар, сонда байланыстың бәрі болады", "О, жақында той", "Күшті жарасады екенсіздер", - деп жазған желі қолданушылары.

View this post on Instagram

A post shared by Anna Danchenko (@ann_2905)

Айта кетейік, бұған дейін "Қоқан-лоқы жасап жатыр". Танымал журналист Анна Данченко тосын жазба жариялағаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Топтау үстеулері бар сөйлемдерге мысалдар

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә