"Араға азғырушылар түспесін". Гүлзира Айдарбекова туған күнінде бірінші құттықтаған келініне алғыс айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні Индира өнер иесін туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсердің келіні түні сағат 12-де енесін гүл және тәттімен құттықтап, видеосын желіге жүктеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝑰𝒏𝒅𝒊𝒓𝒂 (@indi_maulenova)

"Анашым, келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын, әрдайым жанымызда жарқырап, жайнап жүре беріңіз! Аллам басыңыздағы бағыңыздан айырмасын! Біз сізді жақсы көреміз", - деп жазды келіні Индира.

Келінінің құттықтауына қуанған продюсер жылы лебізін білдірді.

"Құттықтап жатқан баршаңызға, аналық ақ жүрегіммен басымды иемін. Алла ең бастысы келіндеріңізді адалынан берсін! "Анашым, мама" деп күлімдеп алдыңызда жадырап келініңіз шәйін мәпелеп құйып беріп отырса, аналардың арманы сол емес пе? Тек араға азғырушылар түспесін!" - деп жазды ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы