"Періштем мәңгі жүрегімде болады". Желіде белгісіз біреу Ерке Есмаханның сәбиі туралы суық хабар таратқан

"Періштем мәңгі жүрегімде болады". Желіде белгісіз біреу Ерке Есмаханның сәбиі туралы суық хабар таратқан
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Желіде белгісіз біреу танымал әнші Ерке Есмаханның ұлы туралы суық хабар таратқан. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, істі жәй қалдырмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, кейінгі бірнеше күнде әншінің бір жасқа толмаған кенжесі мен оның жағдайын сұрап көптеген адам жазған. 

Әнші жүктеген скриншоттан "Періштем, балам мәңгі жүрегімде болады" деген жазумен "07.04.2024" күні белгіленген суретті көруге болады. 

"Оразаның соңғы күндері менен жағдай сұрап жазбаған адам қалмады. Қасиетті айда қасиетінен айырылған бір малғұнның кесірінен. Мен негізі негативке күліп жауап беріп, артынша бақыт тілеп жіберетін адаммын. Бірақ бұл жолы, мені емес, Райм екеумізге емес, кішкентай балаға тиісті. Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Сол үшін әр қазақ менің жалғызым деген сөзді айтқым келмейді. Өзім қазақпын. Қазақ халықы тәуір, бірақ ішінде хайуаннан бетер жетесіз адамдар жетеді.

Мысалы осыны ойлап, өз қолымен жасап, интернетке шығарған тәрбиесіз бір қазақ бар ғой қарап тұрсақ. Сіздер шошып жатсыздар, енді осыны көргенде әкесі екеуміз жалған ақпарат болса да көзімізге жас алып, жүрегіміз қақ айырылды. Тиктогымыз жоқ, қарамаймыз тикток, сондықтан кеш естіп, көрдік. Әкесі табамын деп  кіріп іздеп бастағаны сол еді, өшіріп үлгеріпті видеоны, артынша жасаған бүкіл парақшасын жоқ қылды. Бірақ қазіргі заманда қаласаң бәрін табуға болады. Бұл істі жәй қалдырмаймыз.

Алланың назарынан тыс қалған, жүрегінде бір тамшы иман жоқ, ата-ананың тәрбиесін көрмеген, өз тағдырының алды артын, ұрпағын ойламайтын қандай ғана шайтан тектес адам бұны жазған? Үлкен бе, кіші ме, қыз ба ұл ма білмейміз. Бірақ, анық қазақ екенін білеміз. Елде су басып, халық қиналып, адам адамды өлтіріп жатқан кезде, Ораза айында балаға тиісіп отырған Алладан қорықпайтын қандай қарғыс атқан құбыжық екен, а? Айтарға сөзім жоқ.

Адамдар, өтініш, сөздеріңізге, істеріңізге ие болыңыздаршы. Керім халықпыз, қанымыз таза, рухымыз биік, жеті атамыз бар деп тек сөзбен емес, іспен де көрсетіп жүріңіздерші. Қазаққа қазақтан артық жау жоқ болып тұр бұл заманда. Ал видеоны жасаған ауруды және ол жалған ақпаратты таратқан ауруларға мен ештеме істей алмасам Алла жасазын берсін деп кешегі осы Оразаның соңғы күнінде дұға еттім. Өмірдің жалған екенін ұмытпайық. Ақыретімізді ұмытпайық. Аман болыңыздар, жақсы адамдар", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сібір жарасы деген не?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә