Ғашық екеніңізді қалай түсінуге болады? 6 белгі

Ғашық екеніңізді қалай түсінуге болады? 6 белгі
Фото: pixabay.com

Ғашықтық – сөзбен түсіндіруге келмейтін сезімнің бірі деп саналады, сондықтан оны анықтау да қиын көрінеді. Алайда ғылым көзімен бұл олай емес. Ғалымдар нағыз ғашықтыққа тән белгілерді баяғыда анықтап қойған. Ендеше, ол қандай белгілер?

Ол адам сізге ерекше болып көрінеді

Адамдар ғашық болған жанын ерекше етіп көреді. Ал басқалары қарапайым және жалықтырғыш болып көрінеді. Оның себебі ғашық адамның миында дофамин деңгейі артады. Дофамин бөлінгенде біз ләззат алу сезіміне бөленеміз.

Оны мінсіз етіп көресіз

Алғашқы айларда ғашықтар серігінің тек жағымды әрекеттерін байқайды да, кемшіліктері аса маңызды емес болып көрінеді.

Эмоционалды тұрғыда тұрақсыз болуыңыз мүмкін

Зерттеулер ғашық адамның психологиялық жағдайы үнемі өзгеріп отыратынын көрсетті. Олар қазір сергек және эйфорияда болуы мүмкін, бірақ сәл уақыттан соң қарым-қатынасқа қауіп төніп тұрғандай болса, үрейге салынады. Көңіл күйдегі мұндай өзгерістер есірткіге тәуелді адамдарға да тән. Бұл ұқсастықты тәжірибе де дәлелдеді: ғашық адамға оның сүйіктісінің суретін көрсеткен кезде оның миында есірткілік эйфория кезіндегідей аймақтар іске қосылған.

Ол туралы үнемі ойлай бересіз

Ғашық адам бастапқы кезде махаббат объектісі жайлы барлық уақытта ойлай береді. Ғалымдар бұл мидың биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Ғашық адамда серотонин деңгейі төмен болады.

Эмпатияңыз арта түседі

Бірақ бұл тек сүйіктіңізге қатысты. Ол қуанса, сіз де қуанасыз, мұңайса, сіз де мұңаясыз. Оған көмектескіңіз келіп тұрады, оның өмірін жеңілдеткіңіз, қызығырақ және жақсырақ еткіңіз келеді.

Онымен болашағыңызды елестетесіз

Болашағыңызды сол адаммен бірге көресіз. Болашақ үйіңіздің қандай болатынын сонымен жоспарлағыңыз келеді. 

Оқи отырыңыз: Өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатыны анықталды

А. Жапатова