"Осындай табиғи апаттарға әкеледі екен". Жұбаныш Жексенұлы еліміздегі су тасқынына байланысты өз ойын айтты

Әнші Жұбаныш Жексенұлы өзінің инстаграм-парақшасында еліміздегі су тасқынына байланысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Соңғы кездердегі елімізде болып жатқан ауыр жағдайға байланысты менің ойым, мысалы, қаншама елдің үйін су алып, қаншама отбасы үйсіз қалды. Одан да басқа көптеген қиын жағдайлар болып жатыр. Соның бәрі бір-біріміздің көңілімізді қалдырғаннан, ренжіткеннен, пейілдің тарылғанынан, пиғылдың жаман болғанынан деп ойлаймын. Солай деп естігенмін. Осындай табиғи апаттарға әкеледі екен. Сондықтан біз тезірек ниет-пиғылымызды түзеп, мінезімізді өзгертіп, сөзімізді, ойымызды, көзқарасымызды түзеп, іс-әрекетімізді дұрыстап, жайбарақат, музыка тыңдап отыратындай, аспанымызда ән қалықтайтындай жағдайға жетсек екен дейміз. Құдай бізге сабыр берсін, жеңілдік берсін, аман болайық", – дейді әнші.

Пікір қалдырған әншінің оқырмандары екіге бөлінді. Бірі қолдап жатса, қалғаны дер кезінде шара қолданбаған билікті кінәлаған.