"Бұл сұмдықты бастан өткердім". Баян Алагөзова марқұм Салтанаттың ісіне пікір білдірді

Танымал продюсер Баян Алагөзова марқұм Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бұл сұмдықты бастан өткердім, мұндай күйде адам ешқандай жанашырлық танытпайтынын анық білемін. Олар міндетті түрде ұрып-соғады", - деп жазды продюсер. 

Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашып жатқанын айтқан еді.

Продюсер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, орталық жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын, жақын арада жұмысын бастайды.

"Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын! Жақында жұмысын бастайды. Қоғамды нөлдік төзімділікке жетелеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға орталық ашуымыз керек.

Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.

"Клара" оңалту орталығы, бұл менің жұбайымның анасының есімі. Мен Клара анамыздың бізге көктен қарап, игі істерге батасын беретініне сенемін", - деп жазған ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!