"Өлтіріп, артынан асылық айту - еркекке тән тірлік пе?" Дина Төлепберген әсерлі жазба жариялады

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өлтіріп, артынан асылық айту - еркекке тән тірлік пе? Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев марқұмның махаббат тарихын аяусыз айтып, өзін ақтап, халықты адастыруға тырысып жатқандай... Неге судья ерік береді оған?

Салтанаттың ата-анасына, ағасына қаншалықты қиын екенін айтпағанда, сырттай бақылап отырған біздер бұлқан-талқан болып отырмыз. Ол не десе, о десін. Бірақ біз, әйелдер, бірігіп, бір ойдан айнымайық!" - деп жазған ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!