Абайлаңыз! Сәуірде қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Абайлаңыз! Сәуірде қай күндер қауіпті екені белгілі болды
Фото: pixabay.com

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Сәуір айында қай күндері магниттік дауылдар болады?

Сәуір айында бірнеше магниттік дауыл күтіледі. Алайда бұл болжам өзгеріп тұруі мүмкін, себебі Жердің магниттік өрісі үнемі қозғалыста болады.

Сalend.ru мәліметі бойынша, сәуір айында мына күндері магниттік дауылдар күтіледі:

  • 1 және 2 сәуір - геомагнитті қозудың алғашқы кезеңі. Бұл магниттік дауылды өте сезімтал адамдар ғана сезуі мүмкін. Сондай-ақ иммунитеті әлсіз адамдар өздерін нашар сезінуі мүмкін;
  • 5 және 6 сәуірде 3 балдық магниттік белсенділік байқалады;
  • 22, 23 және 24 сәуірде 3 балдық магниттік дауыл болуы мүмкін.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз;
  • қандай да бір ауруыңыз болса, дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстаңыз.

Оқи отырыңыз: "Адам мүгедек болып қалуы мүмкін". Кене шақса не істеу керек?

А. Жапатова