"Зарина Омарова - менің алғашқы махаббатым". Илья Ильин ел білмеген құпиясын айтты

"Зарина Омарова - менің алғашқы махаббатым". Илья Ильин ел білмеген құпиясын айтты
Фото: Коллаж

Танымал спортшы Илья Ильин алғашқы махаббаты туралы айтты. Оның айтуынша, ол - әнші Зарина Омарова болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы "Алғашқы" бағдарламасында бөлісті. Әнші спортшымен қалай танысқанын айтты.

"Он жеті жасында ол командасымен пойызбен Алматыға келе жатқан екен. Мен де сол вагонмен гастрольдік сапардан қайтқан едім. Телефон нөмір алмасып, кейін кездестік. Біздің махаббатымыз ұзаққа созылмады. Өйткені сол кездері жасы кіші жігітпен қарым-қатынас құру дұрыс емес деп есептелетін. Ильяның өзі маған "сен - менің алғашқы махаббатымсың" деп ашығын айтты. Кейін мен одан алшақтай бастағанда "Мені әлі теледидардан көресің, чемпион боламын" деп айтып кеткен", - деді Зарина Омарова.

Илья Ильиннің айтуынша, бұл жауапсыз махаббат болған. 

"Зарина - менің алғашқы махаббатым болды. Біз екеуміз пойызда таныстық. Заринаның нөмірін алдым, досыма "Мына қыз маған ұнап қалған сияқты" дедім. Ол жарқырап тұрған жұлдыз ғой, ал біз спортшылармыз. Ол - танымал әнші. Мен телефон шалдым, қал сұарстық. Кездесейік дедім, ол келісті. Солай басталды. Оның көлігі болатын. Менің баратын жерім жиындар, жатақхана. Үш-төрт ай араластық қой деймін. Мен қатты уайымдайтынмын. Жауапсыз махаббат екені түсінікті болды. Ары қарай күреспедім", - деді Илья.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек