Сүйек сорпасы қандай ауруларды емдейді?

Сүйек сорпасы қандай ауруларды емдейді?
Фото: pixabay.com

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы сүйек сорпасы қандай ауруларға ем болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында айтты.

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызының айтуынша, сүйек сорпасы мына ауруларға ем:

  • Буын аурулары;
  • Аллергия;
  • Анемия;
  • "Тесік ішек" синдромы;
  • Өттің іркілуі.

Сүйек сорпасын қалай дайындау керек?

  1. Ірі қара малдың жілік сүйектерін (сіңірлі сүйектері - трубчатый, сахарный кость дейді) жуып, үлкен қазанға саламыз.
  2. Қатты отта қайнатып, көбігін аламыз. Тағы жарты сағат қайнатып, суын ауыстырамыз.
  3. Екінші рет қазанға су толтырып, қайнағанша қатты, сосын астын жай отқа қоямыз.
  4. Егер, шамамен 10 л сорпа қайнатсаңыз, 1 лимонды сығып, шырынын сорпаға қосамыз. Лимон болмаса, алма сірке суын қосамыз. 1 л сорпаға - 1 шай қасық алма сірке суы. 10 л қайнатсаңыз, 10 шай қасық алма сірке суы немесе 1 лимон шырынын қосасыз. Лимон немесе алма сірке суы сүйектегі минералды заттарды сорпаға шығаруға көмектеседі.
  5. Сорпаға дәміне қарай тұз қосамыз. Лавр жапырағын қосуға болады.
  6. Бұл сорпа жай отта 10-12 сағатқа дейін қайнап тұру керек.
  7. Сорпа дайын болуына 1 сағат қалғанда сәбіз, пияз қосуға болады. Картоп қоспаймыз. Көк шөптер қосуға болады.
  8. Бөлме температурасында суытып, кейін тоңазытқышқа салып, шыны ыдыстарда 5 күнге дейін сақтауға болады.

Сүйек сорпасының адам ағзасына пайдасы қандай?

  • Сүйек сорпасы - коллагеннің нағыз көзі.
  • Сүйектің, шаштың, тырнақтың саулығына тікелей әсер етеді.
  • Ұзақ уақыт қайнағаннан кейін сүйектегі барлық макро және микроэлементтер, пайдалы заттар сорпаға шығады.
  • Асқазан ішек- жолдарын қалыпқа келтіреді.
  • Ішектің бүрінің жаңаруына әсер етеді.
  • Ішек ауруларының алдын алады.
А. Жапатова