Суды екінші рет қайнатса не болады?

Суды екінші рет қайнатса не болады?
Фото: ru.freepik.com

Құбырдағы, бөтелкедегі, минералды суды немесе бұлақ суын қайталап қайнату оның химиялық құрамын өзгертіп жіберуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.

Көпшілік адам суды бірнеше рет қайнатады. Суды қайнату – қауіпті микроағзаларды жоюдың және су қауіпсіздігін арттырудың тиімді әдісі. Алайда суды қайталап қайнату денсаулыққа зиян болуы мүмкін деген пікірлер де кездеседі. Бұл қаншалықты рас?

Қайнау процесі булануға және заттар концентрациясының жоғарылауына негізделген. Судың булануы нәтижесінде ауыр элементтер мен қосылыстар қалып қояды және олардың концентрациясы артады.

Егер суда басынан күшән, нитраттар және фторидтер секілді зиянды заттар бар болған болса, су екінші рет қайнаған соң олардың деңгейінің арту қаупі бар. Яғни, бұл мұндай қоспалары жоқ тазартылған суды көп рет қайнатуға болады деген сөз.

Ал құбырдағы суда шынымен де нитараттар, күшән және фторидтер болуы мүмкін, бірақ олардың деңгейінің өте аз болатыны соншалық, оны қарапайым қолдану кезінде денсаулыққа қауіп төндіре қоймайды.

Басқаша сөзбен айтқанда, ішетін судағы химиялық заттардың концентрациясы әр қайнатқан сайын артады, алайда бұл заттардың бастапқы деңгейінің аздығы соншалық, олардың әсерін өте төмен деп санауға болады.

Оқи отырыңыз: Аш қарынға су ішудің 9 пайдасы

А. Жапатова