"Абай болыңыздаршы". Актер Асан Мәжит алаяқтарға тап болды

"Абай болыңыздаршы". Актер Асан Мәжит алаяқтарға тап болды
Фото: instagram.com/assan_mazhit/

Алаяқтар театр және кино актері Асан Мәжиттің атынан WhatsApp-та топ ашып, сілтеме тарата бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Маған жан-жақтан хабар келіп жатыр. WhatsApp желісінде менің атымнан топ ашылып, менің барлық таныс-досымды тіркеп, "маған дауыс беріңдер" деген жазумен сілтеме жіберіп жатыр екен. Сондықтан абай болыңыздаршы, ол мен емес. Достарымнан бір-бірлеріңізге айтып, таратып, ол топтан шығып кетулеріңізді сұраймын!" - дейді ол видеода.

View this post on Instagram

A post shared by ASSAN MAZHIT (@assan_mazhit)

"Ескерту!
Абай болыңыздар", - деп жазған видео астына.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә