"Иманғали Тасмағамбетов қызметтік ұшағын берді". Дәстүрлі әнші Парижде өткен айтысты еске алды

Дәстүрлі әнші, термеші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында Парижде ақындар айтысы өткен кез туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл шара 2008 жылы өткен. 

"Айтыстың жанашыр қарагері, айтысты өрге сүйреп шайтанның да тілін тапқан менеджері - Жүрсін Ерманов ағамыз, ақын, әнші, жыршысын қосып, Парижде ақындар айтысын жасаған кез. Түркия, Голландия, Австрия, Англиядағы қазақтар айтысқа келіп, Францияны шулатқан кезіміз. Сол кездегі мецанттар - Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов спонсор болып, қаражатын көтеріп, Иманғали Тасмағамбетов қызметтік ұшағын беріп, барып қайтқанбыз.

Франция. Париж. Мулин Ружда. Мулен Руждың әншілерінің концертінде, біздікіндей киіммен ән салмайды екен", - деп жазды өнер иесі.

Ал шетелде өткен айтыс кезінде түсірілген суретте Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Аян Сейітов, Бекарыс Шойбеков секілді танымал адамдар көрінеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!