Қызыл иек неліктен ауырады? Стоматолог түсіндірді

Стоматолог Луиза Автандилян қызыл иектің неліктен ауыратынын және оның қалай алдын алуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ісіну, жұмсақ тіндердің түсінің өзгеруі, жағымсыз иіс, қанау және дене қызуының жоғарылауы, қызыл иектің ауыруы ауыр стоматологиялық аурулардың белгісі болуы мүмкін. Әдетте бұл белгілер гингивит пен периодонтиттің дамуын көрсетеді", - деп бастады сарапшы.

Ол бұл жағдайда ауыз қуысының кәсіби гигиенасы жүргізілетінін айтты, өйткені инфекция көзі - тіс тасы.

"Тіс жұлдыру, тазалау немесе ауыз қуынысын емдету жағымсыз сезім тудырады. Егер ауырсыну мен ыңғайсыздық маманға барғаннан бір аптадан кейін де мазалай берсе, альвеолит, периостит және тіс жылауығының алдын алу үшін тіс дәрігеріне бару керек", - деп түсіндірді дәрігер.

Сонымен қатар, маманның айтуынша, қызыл иек ауырсынуының тағы бір себебі дұрыс емес тіс щеткасы болуы мүмкін.

"Тым қатты тіс щеткасын пайдалану, сондай-ақ тісті ұқыпсыз тазалау қызыл иек ауырсынуын тудырады. Мұндай кезде "жұмсақ" тіс щеткасын таңдап, ауыз қуысын тазалағанда тіске қатты қысым жасамай, тістің шетінен екінші шетіне дейін мұқият тік қозғалыс арқылы жуу керек.

Ал тісті щеткамен тазалап болған соң, ауыз қуысын табиғи сығындылар негізінде арнайы нығайтатын шайғышпен шайған жөн", - деді тіс дәрігері.

Бұдан бөлек қызыл иек қатты немесе тым ыстық тағамды тұтынғанда, протезді тұрыс таңдамағанда ауыруы мүмкін. 

Қызыл иек саулығына тамақтану мен өмір салты да тікелей әсер етеді.

"Көбінесе С дәруменінің жетіспеушілігінен гингивит қайта дамиды, диетадағы көмірсулардың көптігі қызыл иек сезімталдығын арттырады, ал темекі шеккеннің кесірінен пародонт ауруы туындайды", - деді сарапшы.

Луиза Автандилян қызыл иектің қанамай, сезімталдығының алдын алу үшін негізгі ұсыныстарды да тізімдеді.

"Күні бойы ауыз қуысын мұқият күту, яғни таңертең және кешке тістеріңізді тазалауды, флосс пен ирригаторды қолдануды, жаман әдеттерден аулақ болып, диетаға кальций, фосфор секілді минералдарды және А, В, С, Д дәрумендеріне бай пайдалы тағамдарды қосқан дұрыс", - деді тіс дәрігері.

Бұдан бөлек, стоматолог қызы иектің ауыруына тістеу патологиялары, гормоналды фонның өзгеруі, иммунитеттің төмендеуі, инфекциялар және созылмалы аурулар да себеп болатынын еске салды. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Қант диабетімен ауыратындарға ораза ұстауға бола ма?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!