Дәрігер аш қарынға қандай сусындарды ішуге болмайтынын айтты

Аш қарынға алкогольдік сусынды мүлде ішуге болмайды. Ал эндокринолог, диетолог Ольга Чухачева кез келген алкогольсіз сусындарды ішуге болатынын жеткізді, тек жағымсыз белгі болмауы шарт, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.

"Егер адам ағзасы сұйық нәжіс, іш кебу, ауырсыну тудырмай, сусынға жақсы төзсе, оны аш қарынға ішуге болады. Барлық адамға аш қарынға ішуге ұсынылмайтын сусындардың жалғыз түрі - алкогольдік сусындар", - деп түсіндірді дәрігер.

Алкогольдік сусынды тамақтанғаннан кейін ішуге болады, бірақ әйелдерге бір ғана стақан, ал ерлерге күніне екі алкогольдік сусын түрін ішуге рұқсат.

Аптасына кем дегенде үш-төрт күн алкоголь тұтынбаған жөн. Алкогольдік сусынның бір порциясы - 40 мл күшті алкоголь (мысалы, арақ немесе виски), 150 мл шарап немесе 330 мл сыра.

"Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (Gerd) бар адамдар үшін тамақтануға қатысты кейбір ұсыныстар бар. Газдалған және алкогольдік сусындарды, сондай-ақ құрамында кофеин (кофе, шай) және кез келген басқа сұйықтықтарды көп мөлшерде ішу аурудың белгілерін (күйдіргі, кекіру) күшейтуі мүмкін", - деді Ольга Чухачева.

Айта кетейік, бұған дейін аш қарынға не істеуге болмайтыны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қ әріпінен басталатын қыз есімдері

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!