"Орыс мектебінде оқиды". Мөлдір Әуелбекова баласына мектепті қалай таңдағанын айтты

"Орыс мектебінде оқиды". Мөлдір Әуелбекова баласына мектепті қалай таңдағанын айтты
Фото: youtube.com

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Medina style" Youtube-каналына  берген сұхбатында балаға мектеп таңдарда не нәрсеге мән беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз балаға ең бірінші балабақша немесе мектеп емес, ұстаз таңдаймын. Себебі бала таңнан кешке дейін менің қасымда емес, ұстаздың қасында болады. Яғни, тәуліктің жарты бөлігінде ол ұстаздың тәрбиесін алып жатыр. Сондықтан да мен ұстаз таңдадым. Баламның ұстазының ұлты - әзірбайжан, бірақ таза қазақша сөйлейді. Ол тәжірибесі мол үлкен кісі. Қазір бәрі таңғалуы мүмкін, менің балам орыс мектебінде оқиды. Орыс мектебінде алғаш рет қазақ сыныбы ашылған. Біздің ұстазымыз сол қазақ сыныбын өз қарамағына алған. Бізге ұстазбен жолымыз болды", - дейді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова 80 млн теңгеге шыққан 7 жасар ұлының пәтерін көрсеткен болатын.

А. Жапатова