"Күйеуім - ынжық, ақша таппайды" деп келеді. Психолоаналитик ажырасатын жастар туралы айтты

"Күйеуім - ынжық, ақша таппайды" деп келеді. Психолоаналитик ажырасатын жастар туралы айтты
Фото: pixabay.com

Психоаналитик Анна Құдиярова отбасы құрғысы келетін жастар қалай дайындық жасауы керегін айтты,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Отбасы құрардың алдында жігіт те, қыз да психологиялық сараптамаға жүргінуі керек. Жастарға өз әке-шешесінің отбасылық мәдениеті ұнай ма, ұнай ма деген сұраққа жауап беруі қажет. Бәлкім, отбасында әкесі күнде қорлық көрсетіп, шешесі күнде жылаған шығар... Егер бәрі дұрыс болса, әрине маманның көмегі керегі жоқ. Алайда, кейде адам ата-анасынан көргенін саналы түрде және бейсаналы түрде қайталайды. Сондықтан ең алдымен, үйленем дейтін адам бейсаналы түрде өзімен жұмыс істеп, тазаруы керек", - дейді Анна Құдиярова. 

Ол екі жас керек болса бір жылға созылатын арнайы курстан өту керек дейді. 

"Үйленемін дейтін жастарға үш ай немесе жарты ай арнайы мектептен өтуге тиіс. Яғни арнайы курс оқуы керек. Екеуінің де психолгиялық сауаттылығы жоғары болса, біз отбасындағы жанжалдың алдын аламыз. Мұндай істі кезек күттірмей қазір бастап кетуіміз керек", - деді маман. 

Сондай-ақ ол неге кейбір адамдардың үйлене алмай жүретінін атап өтті. 

"Бәлкім ондай адамның да бейсанасында өзінің әкесі мен шешесі жатқан шығар. Олар қандай адамдар болды? Бақытты ма, әлде бақытсыз болды ма? Оның ата-әжесі қандай адамдар болды? Өйкені кеңес дәуірінде ажырасу деген құлталмаған еді", - дейді Психолог. 

 Құдиярова ажырасудың себебі көп екенін айтады. 

"Біздің орталықтың мамандарына 75 пайыздай әйелдер жүргінеді. Кейбір келіншектер күйеуім ынжық, ақша таппайды деп келеді. Ал, оларға менің жауабым "сонда күйеуіңіз сізге банкомат па?" деймін. "Күйеуіңіз сізге ақшадан басқа не нәрсеге келеді?" деп сұраймын. Ер адам әйелінің мұңын тыңдайды, балаға қарайды, керек болса,  үй тазалап қояды. Бұл да жұбайлық міндетке жатады. Егер күйеуін банкомат көретін болса ажырасып тынсын деймін", - деді Құдиярова. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Ордабаев