Алматыдағы жер сілкінісі: тікелей эфирге шығып отырған семинар қатысушыларының видеосы тарады

Алматыда жер сілкінгенде онлайн трансляцияға шығып отырған семинар қатысушыларының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан спикер міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты қандай да бір сұраққа жауап беріп жатқанын, артынша жер сілкінісі басталғанын көруге болады. 

Спикер әуелі "Жер сілкініп жатыр ма, қалай? Не істейміз?" дейді, артынша қатты жер сілкінгенде ол да, залда отырғандардың бәрі орнынан тұрып, ғимараттан шыға бастайды.

Кейбір Желі қолданушылары сөйлеп тұрған адам продюсер Баян Алагөзованың құдағиы - Диляра Қайдарова екенін жазып жатыр.

Еске салайық, Алматыда сағат 11.22-де 5 балдық жер сілкінісі сезілді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!